나자르바예프, 키르기스스탄 바키예프 대통령 재선에 축하의 뜻 보내
- ICAS HUFS
- 2024년 4월 1일
- 1분 분량
БІШКЕК. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Өткен демалыс күні Бішкекте 2009 жылғы шілденің 23-інде өткен президенттік сайлауда 76 пайыз дауыс алған Қырғыз Президенті Құрманбек Бакиевтің қызметіне ресми кірісуінің салтанатты рәсімі өтті.
Достас республика президентінің ұлықтау рәсіміне құрметті қонақ ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, құттықтау көз сөйледі. «Шолпанатада өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысушы барлық президенттердің атынан, сондай-ақ өз атымнан және қазақ халқының атынан бауырлас Қырғызстанның Президенті қызметіне ресми кірісуіңізбен Сізді құттықтаймын! Қырғыз халқы Президент сайлауында өз таңдауын жасады. Халық Құрманбек Бакиевке ел басқару тізгінін сеніп тапсырды. Бұл - Елбасыға артылған жауапкершілігі мол үлкен сенім», деді Қазақстан басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, осынау айтулы оқиғаға қатысқанына қуанышты екенін, 2005 жылы да президент Құрманбек Бакиевтің ұлықтау рәсіміне қатысқанын айтып өтті.
«Мен тату көршілік пен стратегиялық әріптестікке негізделген екі ел арасындағы қарым-қатынас бұдан былай нығая түседі деп кәміл сенім білдіремін. Ынтымағы жарасқан елдің ырысы артады. Тұрақтылық бар жерге құт қонып, береке орнайды. Қуаныштарыңыз ұзағынан болғай, бауырлар!»,- деді Қазақстан Президенті өз сөзінде.
작성일 : 2009. 08. 03

![[우즈베키스탄] 타슈켄트, 120명의 연사와 함께 글로벌 테크 위크엔드 개최](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_468f0acac4f24b81b985b3ca7c008495~mv2.jpg/v1/fill/w_642,h_428,al_c,q_80,enc_avif,quality_auto/8b6669_468f0acac4f24b81b985b3ca7c008495~mv2.jpg)
![[투르크메니스탄] 아시가바트의 AI 내비게이터: 이론에서 디지털 혁신까지](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_f3a308c56aa24dd9af98112e9a32ca35~mv2.avif/v1/fill/w_980,h_454,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_f3a308c56aa24dd9af98112e9a32ca35~mv2.avif)
![[아제르바이잔] 힉메트 하지예프: 아제르바이잔은 스스로를 '글로벌 사우스'의 일부로 규정한다](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_99e234daa98f4e75a0ef35226a5425f6~mv2.webp/v1/fill/w_980,h_653,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_99e234daa98f4e75a0ef35226a5425f6~mv2.webp)
댓글