외테므스울르 서카자흐스탄 국립대학교 '알튼사파' 수여받아
- ICAS HUFS
- 2024년 4월 1일
- 1분 분량
Осыған орай Астана қаласына барып қайтқан аталмыш университет проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтардың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, байқауға Қазақстандағы мемлекеттік және жекеменшік 10 ЖОО қатысқан болатын. Солардың ішінде М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ биіктен көрініп отыр.
Қазіргі таңда университет аймақтағы ірі ғылыми орталық ретінде заман талабына сай жұмыстанып, үлкен табыстарға қол жеткізіп келеді. Халықаралық көрмелерде оқу орны «Жоғары білікті мамандарды даярлағаны үшін», «Жоғары оқу орындарының үздік басылымы үшін» дипломдарына ие болды. Сонымен қатар ресейлік «Рейтор» тәуелсіз агенттігі жүргізген сараптама бойынша М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 15000 әлемдік университеттер ішінде үздік деп танылған 500-інің қатарына еніп, 417-інші орынды иеленген болатын.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан алғысхатпен «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ мен «Отделстрой» өндірістік кооперативі де марапатталды.
작성일 : 2009. 11. 19

![[키르기스스탄] 키르기스스탄과 중국, 오쉬와 카슈가르 간 직항편 운항 예정](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_7f3795e6d88a471496701221d3401154~mv2.jpeg/v1/fill/w_612,h_337,al_c,q_80,enc_avif,quality_auto/8b6669_7f3795e6d88a471496701221d3401154~mv2.jpeg)
![[타지키스탄] 타지키스탄, 2025년 8.4%의 견조한 경제 성장률 전망](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_da1a1677f0c24dd7890148493aeba967~mv2.jpeg/v1/fill/w_980,h_654,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_da1a1677f0c24dd7890148493aeba967~mv2.jpeg)
![[투르크메니스탄] 세르다르 베르디무하메도프 투르크메니스탄 대통령 2026년 신년사](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_ea721058679943a092613504a25c79a4~mv2.jpg/v1/fill/w_700,h_471,al_c,q_80,enc_avif,quality_auto/8b6669_ea721058679943a092613504a25c79a4~mv2.jpg)
댓글