top of page
검색
작성자 사진ICAS HUFS

카스피 海와 자이윽 江의 개발




КАСПИЙ МЕН ЖАЙЫҚ

[ 00:00 24. 07. 2010 ]

 

카자흐스탄 대통령의 국가 발전 과제 중 하나인 투르크메니스탄과의 하천 접경지역의 철도 개발은, 카자흐스탄 독립 20주년을 마무리 짓기 위한 의미를 지니는 사업이기도 하다. 이에 따라 총리 카름 마시모프[Karim Masimov]는 해당지역인 망그스타우[Mangystau] 주의 주지사 크름벡 코쉐르바예프[Kyrymbek Kosherbaev]에게 개발을 서둘러라고 지시했다. 특히 카림 마시모프는 이 개발사업에 대해서는 나자르바예프 대통령이 주시하고 있다는 점을 강조하며, 2011년까지 개발을 완수해야 한다고 말했다. 이와 더불어 철도 개발을 통한 인프라의 구축, 생산품의 용이한 수송과 함께 기대되는 운영 성과를 위해서 비중을 두어야만 한다고 했다.

그리고 총리는 망그스타우 주가 접한 카스피 해의 유전 개발에 대한 언급도 빼놓지 않았다. 망그스타우 주의 주도 악타우[Aktau] 시를 중심으로 하는 국영기업 "카즈무나이가스"의 생산시설 확대 및 운송을 위한 자동차 도로와 철도의 보수 사업 등에 예산을 아끼지 않을 것이라 전했다.

이어 국토의 북서부 지역을 관통하는 자이윽[Zhaiyk] 강 - 러시아어 : 우랄 강 - 의 개발도 시급한 실정이다. 카자흐스탄 국토보존관리부 장관인 누르갈리 아쉬모프[Nurgail Ashimov]에 따르면, 자이윽 강변은 국민 1백만 명이 거주하는 주요지역이며 개발에 따른 생태계의 파괴를 우려하면서 계획적인 개발이 필요하다고 언급했다. 특히 자이윽 강이 지나는 곳에는 87개의 마을이 위치하고 있으며, 북서부 지역 국민의 75%가 밀집되어 있기 때문에 서카자흐스탄 주의 주도 오랄 시를 중심으로 지속적인 개발이 필요하다고 했다. 이 지역은 앞으로 서부 농업 지대에 필요한 농업용수 확보 및 "크라운 바트스[Crown Batys]" 낙농업 단지 건설을 목표로 개발이 진행 될 것이다.

 

Елбасы тапсырмасымен «Өзен–Түрікменстан мемлекеттік шекарасы» теміржолының құрылысы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқталуы тиіс екенін Кәрім Мәсімов облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа баса айтты. «Мемлекет басшысы бұл мәселені ұдайы бақылауында ұстап отыр. Бұл – Президенттің тікелей тапсырмасы, жоба белгіленген мерзімде – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқталуы тиіс», – деді. Сонымен қатар, Кәрім Мәсімов инфрақұрылымды, қызмет көрсету саласын дамыту және теміржол бойында өндірістер құру мәселелерін пысықтауды тапсырды. Өз кезегінде ҚТЖ басқарушы директоры Әділше Ермұқанов Иранмен және Түрікменстанмен темір жол учаскелерінің құрылысын 2011 жылғы желтоқсанда бір мезгілде аяқтау жөнінде уағдаластық бар екенін хабарлады. Болашақта 812 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жобаның жалпы құны 65 млрд. теңге, бүгінде оның 7,6 млрд. теңгесі игерілген.  Үкімет басшысының Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары Зеленовский ауданы Янайкино ауылындағы «Crown Батыс» ЖШС мал азықтандыру кешенінің құрылыс барысымен танысудан басталды. Дәл осы ауылшаруашылығы кешенінде Кәрім Мәсімов аймақтағы астық жайын талқылағанын айта кетуіміз керек. Бұдан кейін Премьер-Министр Көшім ауылында «Lіcorіce Қазақстан» ЖШС мия тамырынан мал азығы мен түрлі өнім өндіретін зауытты аралап көрді. Бүгінде өндіріс ошағы құрамында пайдалы заттар көп мия тамырынан өндірілген өнімін сүтті ірі қараларға азық ретінде беруде. Сондай-ақ, зауытта біраз өнім өңірдегі кондитер кәсіпорындарына жіберілсе, қалғаны экспортқа да шығарылып жатыр. Жайық трансшекаралық өзені мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Үкімет басшысына еліміз 2011 жылдан бастап табиғи су көздерінен бекіре балықтарын тасымалдауға мемлекеттік монополия енгізетіндігін жеткізді. Министрдің пайымдауынша, Қазақстан Жайық өзенінің балық қорын қалпына келтіру жөнінде нақты және батыл шешімдер қабылдауы тиіс. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов өзен жағасында 10 миллион халық тұратынын айта келе, өзеннің экологиялық жағдайы нашарлап бара жатқанын алға тартты. Министрлік Жайық өзенінің экологиясын жақсарту жөнінде арнайы бағдарлама дайындап жатқанын жеткізді. Өзен бойында 87 елді мекен орналасқан, онда облыс халқының 75 пайыздайы тұрады. 2009 жылы Жайық суын Жайық–Көшім жүйесі арқылы Қараөзен мен Айдархан су қоймасына жеткізу қолға алынды. Бұл жоба биыл аяқталмақ.



작성일 : 2010. 07. 24


조회수 0회

최근 게시물

ความคิดเห็น


bottom of page