top of page
검색
  • 작성자 사진ICAS HUFS

카자흐스탄 나자르바예프 대통령, 무슬림들에게 오라자 아이트를 축하



«Отыз күн ораза тұтқан Қазақстандағы мұсылман ағайындар, еліміздің  барлық мұсылмандары бүгін тамаша Ораза айт мейрамын тойлап жатыр. Сондықтан, Қазақстандағы барлық мұсылмандарды осы мейраммен құттықтаймын. Отыз күн тұтқан оразаларыңыз, оқыған намаздарыңыз, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!», деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.  Президент, «ораза ұстаған жандар тілеген тілектерінің ішінде еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын, халқымыздың болашағын, бала-шағаның амандығын тілеген шығар», дей келе, "сол тілектердің барлығын Алла қабыл етсін, елімізге, халқымызға шарапатын тигізсін", деді. Н. Назарбаев, «мұсылмандардың парызы тек қана отыз күн оразамен шектелмеуі керектігін» атап көрсетті. «Әркімнің өз жүріс-тұрысы, өмірлік өнегесі айтқан уағыздарына сай болуы керек. Жастарды жаманшылыққа бармайтындай етіп, адамды сүюге, төңірегіміздегі өзге халықтарды сыйлауға, құрметтеуге, ішімдік ішпеуге, нашақорлыққа әуес болмауға тәрбиелеуіміз керек», деді.

  Айта кетейік, қасиетті Ораза айт 624 жылдан бері аталып өтуде. Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Бұл күндері дінге сенушілер мешітке барып, «Құран Кәрімді» оқумен уақыт өткізеді. Әр үйде мерекелік дастархан жайылып, қонақтар шақырылады. Сонымен қатар, жағдайы төмен адамдарға жәрдем көрсетіліп,олар да мейрамнан тыс қалдырылмайды. Бұл күндері туған-туыстар бір жерге жиналып немесе зират басына барып өмірден озған жақындарының әруағына бағыштап құран оқиды.



작성일 : 2009. 09. 20

조회수 0회

최근 게시물

bottom of page