top of page
검색
  • 작성자 사진ICAS HUFS

카자흐스탄 대통령, 터키에서 열린 튀르크계 국가 정상회담에 참석





ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

[ 18. 09. 2010 ] [ 출처 : ДАЛА МЕН ҚАЛА ]

[ 기자 : Нұрлан ЖҰМАХАН ]


이번 달 18일, 카자흐스탄의 누르술탄 나자르바예프 대통령이 터키에서 열린 튀르크계 국가 정상회담에 참석하였다. 이번에 진행 된 튀르크계 국가 정상회담은 터키 이스탄불의 치라간 사라이(Chiragan Sarayi) 대궁 내에서 진행되었다. 정상회담에는 터키 대통령 압둘라 귈(Abdullah Gul), 아제르바이잔 대통령 일함 알리예프(Ilham Aliyev), 투르크메니스탄 대통령 구르반굴리 베르디무하메도프(Gurbanguli Berdimuhamedov), 키르기즈스탄 과도정부 수반인 로자 오툰바예바(Rosa Otunbayeva)가 공식 참가하였다.

이들은 올해까지 총 열 차례의 정상회담을 가져왔다. 이 튀르크계 국가들의 정상회담은 튀르크계 민족이 거주하는 대표적인 지역들의 발전을 논의하고, 각국 간 문제 사안 및 원활한 교류 등의 호혜적인 협력을 이끌어내는 형제 국가들의 모임이라고도 간주할 수 있다.

특히 이번 정상회담에서는 2009년 10월 3일 제9회 정상회담에서 언급되었던 아제르바이잔 소속 역외 영토인 나히체반 자치공화국(Nakhichevan Autonomous Republic) - 인구는 약 30만 명이며, 면적은 제주도의 3배 크기이다. 이 공화국은 아르메니아의 남서부에 위치해있지만, 이 곳 민족의 90%는 아제르바이잔인이 구성하고 있다. 정치적인 이유로 아제르바이잔의 적대국인 아르메니아와 이란 사이에 결국 섬처럼 떨어져 영토를 이루고 있다 - 의 논의가 중점적으로 이루어졌다. 카자흐스탄은 이러한 아제르바이잔의 나히체반 자치공화국에 관련한 비준안들에 동의하기 위해 이번 달 10일에 국회에서 이에 관한 의결안도 통과시킨 바 있다.

누르술탄 나자르바예프 대통령은 이스탄불을 방문하자마자 우선적으로 압둘라 귈 대통령과 터키의 총리 레셉 예르도간(Recep Yerdogan)을 만났다. 이에 따라 양국은 상호 간의 지속적인 경제적 협력과 바람직한 교류 방안의 이행을 보다 확고히 하는 계기를 마련하였다. 그리고 카자흐스탄 대통령은 나히체반 문제에 대해서 나히체반 관리위원회를 통해 실질적인 문제들에 대해 대처해 나갈 것을 조언하는 동시에, 카자흐스탄 국내 튀르크학 아카데미의 지원을 시행하여 각종 지역적 문제나 나아가 범튀르크 문화에 대한 연구 환경을 개선시키겠다고 말했다. 또한 지속적으로 개최되는 튀르크계 국가 정상회담에서도 상당한 자부심을 가지고 있는 구성원이라고 언급하면서, 앞으로도 이러한 교류 증진의 기회를 늘려나가기를 원한다고 했다.

  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлға барып Түркітілдес мемлекеттер басшыларының оныншы саммитіне қатысып қайтты. «Чираган» сарайында өткен саммитке Нұрсұлтан Назарбаев, Илхам Әлиев, Абдолла Гүл, Роза Отынбаева, Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қатысқанын айта кетуіміз керек. Саммит барысында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахичевань келісіміне жүзеге асырумен байланысты мәселелер талқыланған. Нахичевань келісімі 2009 жылдың 3 қазанында Нахичевань қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитінің аясында қол қойылғанын естеріңізге сала кетеміз. Ал ҚР Парламентінің Сенаты 2010 жылдың 10 қыркүйегінде «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесін құру туралы Нахичевань келісімін бекіту туралы» Заң қабылдаған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлға келген бетте Түркия Президенті Абдолла Гүл және Премьер-Министрі Реджеп Ердоғанмен екіжақты кездесулер өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев Түркия премьері Реджеп Ердоғанмен кездесуінде экономикалық ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылағанын айта кетуіміз керек. Нұрсұлтан Назарбаев бұдан басқа Қырғызстан мен Әзірбайжанның басшыларымен де жүздесті. Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Саммитін ашу кезінде Түркия Президенті Абдулла Гүл «Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесін құра отырып, біз тарихи қадам жасаймыз», – деді. Ол Түркияның Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының Кеңесін құру туралы Нахичевань келісіміне баса назар аудару керектігін атап өтті. «Түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығы біздің аймақ үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз – біздің халықтарды одан ары біріктіріп, ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер тудыру», – деп Түркия Президенті өз ойын ортаға салды. Нұрсұлтан Назарбаев ТҮРКСОЙ түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы қажеттігін қадап тұрып айтты. «Бүгінгі саммиттің Түркі Кеңесінің институттық дамуына жаңа серпін беретініне сенемін. Біздің алдымызда Түркі Кеңесінің Хатшылығын құру, Ақсақалдар Кеңесі туралы құжатты қабылдау маңызды жұмыс болып саналады. Бұдан басқа алдымызда Түркі әлемінің академиясы секілді жалпытүркі құрылымдарын одан әрі дамыту міндеттері күтіп тұр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осылайша Елбасы алқалы басқосуға жиналған қауымның есіне Нахичеваньдағы Саммит барысында Қазақстанның Түркі әлемі академиясын құру туралы бастама көтергенін еске салды. Академияның ашылу салтанаты мамыр айының бас кезінде Астанада өткені белгілі. Қазіргі таңда халықаралық мәртебеге ие академия, жалпы түркі тарихын оқып-үйренумен, біздің жалпы мәдениетімізді дамытумен айналысуда. Нұрсұлтан Назарбаев жалпы түркі мәдениетін дамытуға мүдделі барлық мекемелер мен ғалымдарды Академия жұмысына белсенді араласуға шақырғаны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруда ТҮРКСОЙ ұйымының рөлі орасан зор. Жиында Елбасы Қырғызстанға көрсетілетін көмек нақты және тиімді болуы керектігін де тілге тиек етті. «Белгілі болғандай, көршіліс Қырғызстанда орын алған қиын жағдайдың басты себебі – әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмеуінде болып тұр. Бауырлас қырғыз халқының басына түскен жағдай барлығымызды алаңдатады. Қазақстан Қырғызстанға жан-жақты қолдау көрсетіп, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде де екі жақты негізде гуманитарлық көмек беруде», – деді. Мемлекет басшысы көрсетілетін көмектің қаржылай жағына емес, оның нақтылығы мен тәжірибелік тиімділігіне назар аудару керектігін атап өтті. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев нақты және бірлескен шаралар қолдануды ұсынды. Мысалға, бас қосып отырған түркі тілдес мемлекеттер Ош және Жалалабад облыстарында мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік маңызға ие нысандарды салуды және қырғыз жастарының түркі тілдес мемлекеттердің ЖОО-да тегін білім алуына мүмкіндік жасауды ұсынғанын айта кетуіміз керек. Елбасының айтуынша, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық университеттің жағдайын кеңінен қолдануға болады. Елбасы қазіргі таңдағы Қырғызстанның билігі уақытша болғандықтан, ол жаққа инвесторлар тарту қиын екенін атап өтті. Сондықтан Қырғызстанның барлық саяси күштерін халық пен мемлекет туралы ойланып, әлемге қырғыз халқының өзінің өмірін жақсартуға деген еркін паш ету үшін сайлауды ұйымдасқан түрде өткізуі тиіс.



작성일 : 2010. 09. 18

조회수 0회

최근 게시물

Comments


bottom of page