카자흐스탄 탈드코르간에서 발생한 화재로 숨진 38명의 유가족에게 위로금이 전달될 예정
- ICAS HUFS
- 2024년 4월 1일
- 1분 분량
Талдықорғанда есірткі диспансеріндегі өрт кезінде қаза тапқандардың отбасылары 1 млн теңгеден жәрдемақы алады - әкімдік
* 어제 카자흐스탄 탈드코르간에 위치한 마약중독자 치료시설에서 발생한 원인 모를 화재로 숨진 38명의 유가족에게 카자흐 정부에서 백만 텡게의 위로금을 지원하기로 했다.
Талдықорған. 14-қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Алматы облысы басшылары Талдықорғанда есірткі диспансеріндегі өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.
«Қаза болғандарды жерлеуге қаржы бөлу қажет. Ол үшін әр отбасына 1 млн теңгеден қаржылай көмек береміз», - деп облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысында облыс әкімі Болат Тәкенов хабарлады.
Сонымен қатар, 15-қыркүйек Алматы облысында қаралы күн деп жарияланды, деді әкім.
«Сейсенбі, 15-қыркүйек Алматы облысында қаралы күн деп жарияланады. Ертең қаза болғандарды жерлеу рәсімі өтеді. Бұл күні барлық мерекелік шаралар тоқтатылып, жалаулар түсіріледі», - деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, 13-қыркүйек күні таңертең Талдықорғандағы есірткі диспансерінде өрт шығып, 37 адам көз жұмған болатын. Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
작성일 : 2009. 09. 14

![[카자흐스탄] 발레 무용수 아담잔, 런던 전석 매진 이후 에든버러 무대에 '드라큘라' 올려](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_116e70d4ec9a44c8ba164c65413aee09~mv2.jpeg/v1/fill/w_358,h_448,al_c,q_80,enc_avif,quality_auto/8b6669_116e70d4ec9a44c8ba164c65413aee09~mv2.jpeg)
![[투르크메니스탄] 투르크메니스탄 국가 TV·라디오방송·영화위원회 부위원장, 중국 CMG 포럼 참석](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_3d6fe924151a40b3af477aeee6b39786~mv2.avif/v1/fill/w_980,h_1307,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_3d6fe924151a40b3af477aeee6b39786~mv2.avif)
![[우즈베키스탄] 우즈베키스탄, 10억 달러 투자 유치 목표 속 타슈켄트에서 첫 실크로드 금융·기술 포럼 개최](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_b3364d6e067743a6a083a1f4d7263313~mv2.jpg/v1/fill/w_980,h_565,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_b3364d6e067743a6a083a1f4d7263313~mv2.jpg)
댓글