top of page
검색

투르크메니스탄-우즈베키스탄-카자흐스탄-중국 가스관 개통

작성자 사진: ICAS HUFSICAS HUFS


우즈베키스탄의 이슬람 카리모프 대통령은 이번 가스관 개통으로 전 세계에 공통의 목적을 실현하기 위한 연합의 예를 보여주었기 때문에 " 21세기 역사에 길이 남을 사건이 될 것이다."라고 말했다. 그는 이어 투르크멘 가스를 카자흐스탄과 중국으로의 전송하는데에 있어 우즈베키스탄의 신뢰있고, 안전한 운송을 약속하였다. 

 투르크메니스탄-우즈베키스탄-카자흐스탄-중국을 연결하는 가스관은 약 7000km의 길이로, 그 중 188km가 투르크메니스탄에, 525km가 우즈베키스탄에, 1293km가 카자흐스탄에, 4860km 이상이 중국 영토에 걸쳐있다. 가스관은 중국의 광저우 시까지 도달되며, 그 곳에서 다시 다른 가스관으로 나눠지게 된다.

«Бұл жобаның   барлық  аймақ    үшін     саяси және   экономикалық  маңызы зор.   Бұл     біздің елдеріміздің  ынтымақтастығы  мен серіктестігінің  жарқын үлгісі»,  деп  атап көрсетті  Нұрсұлтан  Назарбаев     нысанның ашылу рәсімінде  сөйлеген сөзінде.

Елбасы  сондай-ақ, газ құбырының  іске қосылуымен     барша орталықазиялық  аймақтың    әлемдік  энергетикалық   жүйедегі    ұстанымы     әдеуір     нығая   түсетінін  атап  көрсетті.   «Қазақстан     аймақтық ынтымақтастықтың    сенімді серіктесі  және      жауапты  қатысушысы  ретінде    өз аумағы арқылы үшінші елдерге,  бұл  жерде Қытайға     көмірсутегі тасымалдау  мәселесіндегі   жан-жақты   өзара іс-қимылдарды тереңдете  түспек»,  деді   өз сөзінде  Қазақстан  Президенті.

Н.Назарбаев  аталмыш жобаның әлеуметтік  сипатына  да тоқталып өтті.  «Желінің 1300 шақырымы    Қазақстанның аумағы арқылы өтеді. Бұл  тек  газ құбыры емес,    сонымен бірге    автокөлік жолдары,  электр желілері,     байланыс  желілері, бұл    мыңдаған  адамның еңбекпен  қамтылуы,   жаңа елді мекендер,   яғни  біздің халықтарымыз    үшін  үлкен игіліктер»,- деді  Қазақстан    басшысы өз сөзінде.

Құрбанқұлы Бердымұхамедов   газ құбырын  «замананың  ең көлемді энергетикалық  жобасының бірі»    деп атады.   Қысқа   мерзімде  және  күрделі климаттық жағдайда    7000 шақырым желі  тартылды.     Оның айтуынша,  газ құбырының  құрылысына  ондаған шетелдік   компаниялар   атсалысты. 

Қ.Бердымұхамедовтың  пікірінше,  «газ құбырының  келешекте  аймақтағы және   одан тыс  жерлердегі  жалпы ахуалға  оң әсерін  тигізіп,    Азиядағы   қауіпсіздіктің факторына  айналатыны,   құрлықтық-саяси  және  экономикалық байланыстардың  барлық жүйесіне  қосымша  орнықтылық беретіні» де   маңызды    мәселе. 

Қытай Төрағасы  Ху Цзиньтао өз кезегінде,    энергетика саласындағы ынтымақтастықтың   соңғы уақытта    жанданып отырғанын   атап көрсетті  және  аталмыш газ құбырының     тағы бір бірлескен  маңызды жоба екенін    жеткізді.  «Энергетика саласындағы ынтымақтастығымыз    жан-жақты дамып,     елдеріміздің  энергетикалық өнеркәсібі  орнықты дамуы,   энергетикалық  салада  ұзақмерзімді,  тұрақты және сенімді  қарым-қатынастар  орнауы  үшін    бар күш-жігерімізді   салатын   боламыз»,   деді Ху Цзиньтао.

Өзбекстан    Президенті Ислам Каримов  өз  сөзінде: «бұл құрылыстың  ХХІ ғасырдың  тарихына кіретінін», себебі   барша әлемге   ортақ     мақсаттарға бірлесіп  қол жеткізудің    үлгісін паш етіп отырғанын  атап көрсетті.   Ол  сондай-ақ,  Өзбекстанның  «түрікмен  газының  Қазақстан аумағына  және әрі  қарай Қытайға    сенімді  және қауіпсіздік транзитін»  қамтамасыз  ететінін  айтып  сендірді.

Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай»  трансазиялық газ құбырының жалпы ұзындығы 7000 шақырымға жуық. Оның 188 шақырымы Түрікменстан, 525 шақырымы - Өзбекстан, 1293 шақырымы - Қазақстан, 4860 шақырымнан астамы  Қытай аумағында тартылды. Қытайда газ құбыры Гуанчжоу қаласына дейін жеткізіледі, ол жерден басқа да жұмыс жасап тұрған газ құбыры тармақтарына бөлінеді.

Газ құбыры,   Түрікменстаннан   Қытайға  табиғи  газ  транзиттеумен   қоса,   қазақстандық  газдың      еліміздің    батыс  кеніштерінен         оңтүстік   аймақтарға   жеткізілімін    қамтамасыз  ететін болады.

Қазақстан  аумағы арқылы өтетін   құбыр  желісі  екі учаскеден тұрады:     жылдық өткізу  қуаты 40  миллиард текше метрді  шамалайтын алғашқы  учаске -  Өзбекстан мен Қазақстан шекарасынан   қазақстан-қытай шекарасына  дейін    тартылса,  екіншісі,    өткізу  қуаты 10 миллиард текше метрді шамалайтын, екінші учаске - «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ»  бағыты  бойынша өтеді.



작성일 : 2009. 12. 14

조회수 0회

Comments


bottom of page