러시아, 카자흐스탄으로 원유 수송 재개
- ICAS HUFS
- 2024년 4월 1일
- 1분 분량
Ресей Қазақстанға мұнай жеткізуді қайта жандандырды
08.02.2010
* 러시아는 카자흐스탄으로 수송하는 원유와 원유 관련상품들의 수출 세율의 부정확한 사용과 관련하여 2월 1일 일시적으로 중단했던 원유수송을 2010년 2월 5일부터 재개했다.
Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Ресей Қазақстан Республикасына жеткізілетін мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығы ставкаларын қолдану мәселесіндегі түсініксіздіктерге байланысты 1 ақпаннан бастап уақытша тоқтатылған мұнай жеткізілімін 2010 жылдың 5 ақпанында қайта жандандырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның ресми сайтындағы хабарламаға сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, РФ Федералдық кеден қызметінің "Қазақстан Республикасына жеткізілетін мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығы ставкаларын қолданбау туралы" ресми түсіндірмесін жабдықтаушылар алды. РФ Федералдық кеден қызметінің өңірлік бөлімшесіне жолдаған 2 ақпандағы жеделхатта айтылғандай, баж салығын қолдану туралы бұған дейінгі шешімді күшін жойды деп тану қажет. Нарық қатысушыларының хабарлауынша, жұма күні жеткізілімге қатысты мәселе тұрақтанды: Ресей мен Қазақстан шекарасындағы экспорттық партиялар кеденде қалыпты режимде рәсімделіп жатыр. Атап айтсақ, Ресей шикізатына толық тәуелді Павлодар мұнайхимиялық зауытына мұнай айдау қайта жанданды."Қазақстанмен арадағы шекарада жиналып қалған мұнай және мұнай өнімдері тиелген теміржол цистерналары да Қазақстандық тұтынушыларға қарай жол тартты", - делінген хабарламада.
작성일 : 2010. 02. 08

![[투르크메니스탄] 세계 여성의 날 기념행사](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_e8edd580ac1d4b81ba87db63ab6877e7~mv2.png/v1/fill/w_980,h_653,al_c,q_90,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_e8edd580ac1d4b81ba87db63ab6877e7~mv2.png)
![[키르기스스탄] 키르기스스탄, 유엔 여성지위위원회(CSW) 회의 참석](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_705b4a8a3bea49fa994eccbaf55cd586~mv2.webp/v1/fill/w_980,h_597,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_705b4a8a3bea49fa994eccbaf55cd586~mv2.webp)
![[카자흐스탄] 카자흐스탄 정부, 중동 체류 자국민 7,300명 이상 대피 지원 지속](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_dad3978b8a6e4a19b7ed128a3d85d934~mv2.png/v1/fill/w_720,h_450,al_c,q_85,enc_avif,quality_auto/8b6669_dad3978b8a6e4a19b7ed128a3d85d934~mv2.png)
댓글