카자흐스탄 나자르바예프 대통령, 무슬림들에게 오라자 아이트를 축하
- ICAS HUFS
- 2024년 4월 1일
- 1분 분량
«Отыз күн ораза тұтқан Қазақстандағы мұсылман ағайындар, еліміздің барлық мұсылмандары бүгін тамаша Ораза айт мейрамын тойлап жатыр. Сондықтан, Қазақстандағы барлық мұсылмандарды осы мейраммен құттықтаймын. Отыз күн тұтқан оразаларыңыз, оқыған намаздарыңыз, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!», деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Президент, «ораза ұстаған жандар тілеген тілектерінің ішінде еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын, халқымыздың болашағын, бала-шағаның амандығын тілеген шығар», дей келе, "сол тілектердің барлығын Алла қабыл етсін, елімізге, халқымызға шарапатын тигізсін", деді. Н. Назарбаев, «мұсылмандардың парызы тек қана отыз күн оразамен шектелмеуі керектігін» атап көрсетті. «Әркімнің өз жүріс-тұрысы, өмірлік өнегесі айтқан уағыздарына сай болуы керек. Жастарды жаманшылыққа бармайтындай етіп, адамды сүюге, төңірегіміздегі өзге халықтарды сыйлауға, құрметтеуге, ішімдік ішпеуге, нашақорлыққа әуес болмауға тәрбиелеуіміз керек», деді.
Айта кетейік, қасиетті Ораза айт 624 жылдан бері аталып өтуде. Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Бұл күндері дінге сенушілер мешітке барып, «Құран Кәрімді» оқумен уақыт өткізеді. Әр үйде мерекелік дастархан жайылып, қонақтар шақырылады. Сонымен қатар, жағдайы төмен адамдарға жәрдем көрсетіліп,олар да мейрамнан тыс қалдырылмайды. Бұл күндері туған-туыстар бір жерге жиналып немесе зират басына барып өмірден озған жақындарының әруағына бағыштап құран оқиды.
작성일 : 2009. 09. 20

![[우즈베키스탄] 우즈벡네프트가스·소카르, 우스튜르트 고원서 공동 탐사·생산 착수](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_4f16b93f2ec24bf2ac14f33cef87bdb2~mv2.jpg/v1/fill/w_710,h_400,al_c,q_80,enc_avif,quality_auto/8b6669_4f16b93f2ec24bf2ac14f33cef87bdb2~mv2.jpg)
![[투르크메니스탄] 투르크메니스탄 대표단, 두바이에서 열린 ‘Big 5 Global 2025’ 국제 전시회 및 컨퍼런스 참가](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_6e3e8cdeaa004cc39b95e22e48d32f00~mv2.png/v1/fill/w_980,h_523,al_c,q_90,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_6e3e8cdeaa004cc39b95e22e48d32f00~mv2.png)
![[우즈베키스탄] 사마르칸트, 전 세계 예술 명인들을 환영하다](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_a7c662bcef7b4b229704fe142cecfde1~mv2.png/v1/fill/w_980,h_652,al_c,q_90,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_a7c662bcef7b4b229704fe142cecfde1~mv2.png)
댓글