카자흐스탄 나자르바예프 대통령, 터키 앙카라 공식 방문
- ICAS HUFS
- 2024년 4월 1일
- 1분 분량
Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Парламентінде сөйлеген сөзінде айтты.
Қазақстан Президенті соңғы 9 жыл ішінде біздің республикамызда жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 700 доллардан 8,5 мың долларға дейін өскенін хабарлады. «Он жыл ішінде біз елордамызды салдық. Барлық осы жылдар ішінде біздің ел Түркияның қолдауын сезінді. Біздер Түркия Республикасының табыстарына қуанамыз. Соңғы жылдары бауырлас мемлекеттің экономикасы әлемде - 17-ші орынға, Еуропада 6-шы орынға көтерілді», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, Түркияға салған қазақстандық инвестиция - 4 миллиард долларды, өз кезегінде түрік инвестициясы 1 миллиард долларды құрайды. Қазақстанда 1 мың 400 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. «Әрине, бұл көрсеткіштермен тоқмейілсуге болар еді, бірақ әлеуетіміз шексіз», - деді Н.Назарбаев.
작성일 : 2009. 10. 22

![[우즈베키스탄] 우즈벡네프트가스·소카르, 우스튜르트 고원서 공동 탐사·생산 착수](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_4f16b93f2ec24bf2ac14f33cef87bdb2~mv2.jpg/v1/fill/w_710,h_400,al_c,q_80,enc_avif,quality_auto/8b6669_4f16b93f2ec24bf2ac14f33cef87bdb2~mv2.jpg)
![[투르크메니스탄] 투르크메니스탄 대표단, 두바이에서 열린 ‘Big 5 Global 2025’ 국제 전시회 및 컨퍼런스 참가](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_6e3e8cdeaa004cc39b95e22e48d32f00~mv2.png/v1/fill/w_980,h_523,al_c,q_90,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_6e3e8cdeaa004cc39b95e22e48d32f00~mv2.png)
![[우즈베키스탄] 사마르칸트, 전 세계 예술 명인들을 환영하다](https://static.wixstatic.com/media/8b6669_a7c662bcef7b4b229704fe142cecfde1~mv2.png/v1/fill/w_980,h_652,al_c,q_90,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/8b6669_a7c662bcef7b4b229704fe142cecfde1~mv2.png)
댓글